Павлодар облысының тәртіп сақшылары «ерекше» қылмыстық істі тергеп жатыр
Zakon.kz
Тінту шаралары кезінде күдіктілердің пәтерінен 2,5 айлық қыз бала табылды.
Павлодар облысының тәртіп сақшылары «ерекше» қылмыстық істі тергеп жатыр. Ішімдік өнімдерін өндіріп, ұйымдасқын қылмыстық топ құрды деген күдікпен ұсталған әйелдің үйінен 2,5 айлық бөтен нәресте табылды, деп хабарлайды Baq.kz.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодарда бір уақытта бірнеше мекенжай бойынша санкцияланған тінту іс-шараларалы жүргізілді. Нәтижесінде жасанды алкогольдік ішімдікті шығарылған цех жабылды. Өндіріс ғимаратының ішінен «қолдан жасалған» арақты дайындауға және құюға арналған 6 станок табылды.
«Цех ішінен суррогат арақтың 350 жәшігі табылды. Бұл – 7 мыңнан астам дайын өнім деген сөз. «Новая» арағы бірнеше сауда нүктесінде сатылғаны анықталды. Сонымен қатар, Мир көшесі 50 және 52-үй мекенжайында орналасқан бірнеше көтерме дүкен мен қойма бөлмелеріне лайықты салынған гараждар тексерілді. Полицейлер «қолдан жасалған» 5 мың литрге жуық арақ, мыңнан астам қолдан жасалған коньяк пен бір жәшік вискиді тәркіледі», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Баян мағзұмова.
Сарапшылардың есептеуінше, тәркіленген алкогольдік ішімдіктерінің құны 3,5 млн. теңгеден асады. Қазіргі уақытта экономикалық қылмыс жасаған 46 әйел және 35 жастағы ер азамат ұсталды, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бір қызығы, тінту шаралары кезінде күдіктілердің пәтерінен 2,5 айлық қыз бала табылды.
«Ұсталған азаматшаның пәтерінде үй жинаушы қызметін атқарған әйелдің айтуынша, нәресте күдікті азаматшаның баласы емес. Кейін сәби ұсталған тұрғынның туысының қызы болып шықты. Туыстары бұдан басқа 7 баланы тәрбиелеп жатыр. Әлеуметтік жағдайлары қиын болғандықтан, туған қыздарын туысына берген. Бүгінде нәресте облыстық балалар ауруханасына орналастырылды. Баланың туған анасы анықталды. Жағдайдың анық-қанығы анықталған соң бала ата-анасына қайтарылады», - дейді Баян Мағзұмова.
Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Ақмаржан Әділбек
Фото: Baq.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript