Шымкентте наркологиялық аурухана өртенді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.06.2017 15:42 Zakon.kz
Тілсіз жау шарпыға шатыр астынан психоневрологиялық диспансердің мұрағаты сақталған.
Шымкенттегі облыстық наркологиялық аурухананың әкімшілік бөлімінен өрт шықты, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Тілсіз жау ғимараттың шатырынан тұтанып, лезде 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Қара түтін бірнеше шақырым қашықтықтан көрінді.

Аурухана қызметкерлері мен науқастар және олардың туыстары, жедел қауіпсіз аумаққа көшірілді. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды бір сағатта ауыздықтады. Тілсіз жау шарпыға шатыр астынан психоневрологиялық диспансердің мұрағаты сақталған. Алайда жалын дер кезінде сөндірілгендіктен, маңызды құжаттар аман қалды. Ауруханада өрттің неден тұтанғанын мамандар әлі анықтай алмай жатыр. Бірнеше болжам жасалды.

Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД бас маманы:

- Оқиға орына өрт сөндіру және құтқару қызметінің 13 техникасы және 115 адамнан тұратын құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар ТЖД 10 қызметкері мен 3 техникасы да жіберілген. Оқиғадан зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ.

Фото: 24.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: