ОҚО-да құтқарушылар өзенге батқан баланы төрт күннен бері іздестіруде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.06.2017 18:54 Zakon.kz
Осы маңда мал бағатын шопан Бесторанғыл ауылы аумағынан өтетін Арыс өзенінде ер азаматтың денесін көргендігі туралы құтқарушыларға хабарлаған.
Оңтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар өзенге батқан баланың денесін іздестіруде. 13 жастағы бала төрт күн бұрын Сайрам өзеніне ағып кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Бүгінде іздестіру шараларына 14 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылған. Құтқарушыларға жергілікті тұрғындар мен тағы 50 ерікті жас көмектесіп жатыр. Куәгерлердің сөзінше Сайрам ауданында тұрған бала көпірдің үстінде ойнап жүріп, байқаусызда суға құлап кеткен. Қайғылы жағдай орын ала салысымен жергілікті жұрт құтқарушыларды шақырып, бір сағаттан кейін-ақ іздестіру жұмыстары басталып кетіпті.

«2004 жылы туған Елмұрат Мырзаметовты іздеу бізге қиынға соғуда. Өйткені өзен суының ағысы қатты, оның үстіне судың ішінде бетон плиталары көп. Сондай-ақ өзеннің ішінде қоқыс заттары көп болып, құтқарушылардың аяғына оралуда. Соған қарамастан төрт күннен бері баланы іздеудеміз», - дейді ОҚО ТЖД Құтқару жасағы бөлімінің бастығы Нұржан Әсібеков.

Ал, күні кеше құтқарушылар екі ай бұрын Арыс өзеніне батып кеткен 25 жастағы тұрғынның денесін судан шығарып алды. Бұған дейін екі рет жүргізілген іздеу шаралары нәтиже бермеген. Болмаған соң құтқарушылар қайтып кеткен. Кейіннен марқұмның туыстары тағы арызданып сұранған соң үшінші рет іздеу шаралары жүргізілген болатын.

Осы маңда мал бағатын шопан Бесторанғыл ауылы аумағынан өтетін Арыс өзенінде ер азаматтың денесін көргендігі туралы құтқарушыларға хабарлаған.

Осыдан кейін құтқарушылар ер азаматтың денесін оқиға орнынан 35 км жерінде тауып алды. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде суға батқандардың саны 16 адамды құраған.

Оның 10-ы кәмелет жасына толмаған балалар болып отыр.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: