Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ескерткіші ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.06.2017 18:26 Zakon.kz
Өңір басшысы бүгінгі ұрпақтың бай мұра қалдырған ұлы тұлғаны құрмет тұтуы керек екенін атап өтті.
Ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған ескерткіш қалаға кіреберістегі ақынның есімімен аталатын көшеде орнатылды, деп хабарлайды BAQ.kz.

Ескерткіштің ашылуы шаһардың 60 жылдық мерейтойына орайластырылған. Қоладан құйылған монументтің биіктігі тұғырымен бірге алты метрден асады. Мүсіншілер Жаубасар мен Жарылғасын Иғланбекұлы бұл жұмысқа бір жылдай уақыт жұмсаған.

- Іске кіріспен бұрын біз Мәшһүр Жүсіптің өмірін тереңнен зерттедік, - дейді Жаубасар Иғланбекұлы. – Ол өте жан-жақты адам болған. Философия, зерттеу, поэзия шеберлігін меңгерген.

Өңір басшысы бүгінгі ұрпақтың бай мұра қалдырған ұлы тұлғаны құрмет тұтуы керек екенін атап өтті.

- Өткені жоқтың болашағы болмайды, - деді Болат Бақауов. - Қазақтардың тоқшылықта өмір сүретінін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтып кеткен. Бүгінде біз шынымен де молшылықта өмір сүрудеміз.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының немересі Зарауха Шарапиева қатысты. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен бірге монументтің бетіндегі матаны қазақтың ұлы зерттеушісінің шөбересі Абай Шарапиев ашты.

- Менің ата-анам Мәшһүр Жүсіп атамның талап қоя білетін адам болғанын айтатын, - дейді Абай Шарапиев. – Ол еңбек еткен қарапайым адамдарды қатты сыйлаған. Баянауылда оның ұсталықпен айналысқан достары өте көп болған. Олардың төрінде менің атам әрдайым қонақ ретінде құрметке бөленген.

Шара барысында мектеп оқушылары Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бірнеше шығармасын орындап, соңынан ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Фото: Baq.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: