Ақтөбеде бір жасар бала 6 қабаттан құлап кетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.06.2017 22:45 Zakon.kz
Дәрігерлер барған кезде баланың өлімін ғана тіркеді.
Ақтөбеде 1 жастағы бала 6 қабаттан құлап кетті. Анасы оны Қарғалы қалалық ауруханасына өзі апарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарғалы қалалық емханасынан шақырту түсіп, біз жедел жеттік. Дәрігерлер барған кезде баланың өлімін ғана тіркеді. Жарақаты ауыр болған. Емхана дәрігерлерінің айтуынша, кішкентай баланы анасы жеткізген. Бала 6 қабаттан құлап кеткен», - деді қалалық жедел жәрдем бекетінің дәрігер-сарапшысы Әлия Абдуллаева.

Айта кетейік, оқиға түс кезінде болған. Бала емханаға жеткенше көз жұмған.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: