1 шілдеден бастап зейнетақы өсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.07.2017 22:05 Zakon.kz
Ұялы байланыс операторлары 1 шілдеден бастап IMEI-коды базасында тіркелмеген телефондарды бұғаттауға міндетті.
Шілде айының басталуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі күшіне енеді. Енді жеке тұлғалар мен жұмыс берушілер айына бір пайыз жарна төлеуді бастайды. Жеке қорына жиналған қаржыны кез келген адам сырқаттанып қалған жағдайда өзінің ем-домына жұмсайды. Денсаулық сақтау министірі Елжан Біртановтың айтуынша, бұл жылдар бойы сараланып, ой елегінен өткізілген бағдарлама ұлт саулығын жақсартуға негізделген, деп жазады "Еуразия" бірінші телеарнасы.

2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Жыл басында зейнетақыға қосылған 9 пайыздан бөлек, қосымша 11 пайыз қосылып отыр. Жыл басында зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 950 теңге болса, 1 шілдеден бастап 45 711 теңгеге өседі.Бұдан бөлек, бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшері 20 пайызға дейін өсті.

Ұялы байланыс операторлары 1 шілдеден бастап IMEI-коды базасында тіркелмеген телефондарды бұғаттауға міндетті. Жүйенің іске қосылуы телефон ұрлығының санын азайтуы тиіс. Енді зардап шеккен адам полицияға барғаннан кейін ұрланған телефон бұғатталады. Осылайша, телефон ұрлаудың ешқандай мәні болмай қалады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету жеңілдетілмек. Енді электронды үкімет порталында 20 мемлекеттік қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасыз алуға болады. eGov.kz сайты арқылы қазақстандықтар үйіне дәрігер шақыра алады, дәрігерге қабылдауға жазылады, медициналық ұйымға электрондық цифрлық қолтаңбасыз тіркеледі.

Фото: ult.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: