Екібастұзда пәтер өртеніп, зейнеткер көз жұмды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.08.2017 13:55 Zakon.kz
Өрт кезінде он құтқарушы мен үш техника бірлігі жұмылдырылды.
Екібастұз қаласындағы көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерден өрт шығып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

- Бүгін таңғы сағат 6:28 минут шамасында Әуезов көшесі 63/3 мекенжайындағы бесінші қабаттағы үш бөлмелі пәтерде өрт орын алды. 25 шаршы метрді қамтыған қызыл жалын 7:35 минутта толық сөндірілді. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар подъезден үш адамды эвакуациялады. Ал, өрт болған пәтерден 1950 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда, - деді баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, өрт кезінде он құтқарушы мен үш техника бірлігі жұмылдырылды.

Абзал Қабдраш

Фото: Рavlodarnews.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: