Астана төрінде оңтүстікқазақстандық суретшілердің көрмесі өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.08.2017 20:13 Zakon.kz
Мұнда халық назарына ілініп, келушілердің қызығушылығын тудырған екі суретшінің туындысына тоқтала кетсек.
Астана қаласындағы «Has Sanat» өнер галереясында Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілері өз туындыларын Елордамыздың қонақтары мен өнер сүйер қауым назарына ұсынды.



«ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі, Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндерінде өздерінің қайталанбас қолтаңбаларын қалдырған 20 суретшінің таңдаулы 45 жұмысы көрермен көзайымына айналды.



Мұнда халық назарына ілініп, келушілердің қызығушылығын тудырған екі суретшінің туындысына тоқтала кетсек. Оның бірі халық суретшісі Гулфайрус Ысмайылованың «Накипованың портреті» болса, екіншісі Сабыр Мәмбеевтің «Ыстық көл» туындысы.



Сондай-ақ, көрмеде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тоқболат Тоғысбаевтың «Ұйқыдағы бала», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оспанов Айнабектің «Бақытты күн», Қазығұлов Алпысбайдың «Жолда», Маханбетов Сейсенханның «Түлкібас таулары», Қыстаубаев Керімбайдың «Тау самалы», ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Шоранов Өсербайдың «Хана кене» суреттері көрменің құнды жәдігерлері болып табылады.



Оңтүстік өңірі суретшілерінің шығармашылық жұмыстарын, шеберлік өнерін, өлкеміздің салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Оңтүстіктің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктері мен көз тартарлық орындары және терең тарихтан сыр шертетін киелі жерлерін бейнелейтін халықаралық деңгейдегі өнер шығармалары қалың жұртшылық назарына ұсынылды.

ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткізіліп отырған мәдениет күндерінде облыстың қолөнершілері тоқыма, сырмақ сыру, кесте тігу, әшекей бұйымдар, ағаш бұйымдарын әрлеу, ісмерлік, ұсталық сынды қолөнер бұйымдарын әзірлеп көпшіліктің назарына ұсынды. Сонымен бірге, ұлттық мәдениетті насихаттауды көздеген оңтүстікқазақстандық қолөнершілер мен суретшілердің төл туындылары және өңірдің тарихи, мәдени келбетін айқындайтын 1500-ден астам құнды жәдігерлері насихатталуда.

Фото: Самат Мырзалиев
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: