BI Group компаниясы Шығыс Қазақстанда екінші НЗМ ғимаратын қолданысқа тапсырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.08.2017 23:16 Zakon.kz
Мектеп аумағы 6 га, 720 оқушыға есептелген.
Назарбаев Зияткерлік Мектебі (НЗМ) Қазақстанда сапалы білім брендіне айналған. Сондықтан мектеп ғимаратына да сәйкес жоғары талап қойылады. Оның ішінде ең бастысы - жұмыс сапасы мен құрылыс технологияларының соңғы жетістіктерін қолдану. Бұл талаптарды BI Group құрылыс компаниясы толық орындап шықты. Отандық холдингтің басты қағидалары өндірістік үдерістің сапасы мен инженерлі-техникалық маманның кәсіби дайындығының жоғары деңгейі болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім күнінің қарсаңында Өскеменде көптен күткен химия-биологиялық бағыттағы НЗМ ашылу салтаны өтті. Жаңа ғимараттың символикалық кілтін BI Construction басқармасының төрағасы Арман Ахметов оқу орны басшылығына табыстады. Енді 1 қыркүйекте жергілікті оқушылар мен облыстың 14 ауданының балалары халықаралық стандартқа сай мультифункционалды кешеннің парталарына отырады.



Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:
‒ Бұл ерекше жоба, бұл келешектің мектебі. Біз балаларымыздың 21-ғасырға сәйкес терең зияткерлік әлеуетке ие болғанын қалаймыз. Жалпы облыс бойынша біз білім сапасын басты факторға қойып отырмыз. Сондықта біздің қазақ, ағылшын және орыс тілдерінен сабақ беретін мұғалімдеріміздің барлығы жақында біліктілігін арттырудан өтті.



Ресми ашылу салтанатынан кейін қонақтар мектеп ішін аралады. Жаңа білім ордасы заманауи материалдардан жасалған инновациялық өзгермелі жиһазбен жабдықталған. Мектеп аумағы 6 га, 720 оқушыға есептелген. Және облыстан келген балаларға арналған 120 орындық жатақханасы бар. Ғимарат он блоктан құралады. Оның ішіне ТМД аумағында теңдесі жоқ жетілдірілген оқу кабинеттері, аумақты медиатекасы бар кітапхана, стадион, меншікті телестудия, жылыжай, қысқы бақша, медициналық пункт және биотехнология зертханасы кіреді.



Арман Ахметов, BI Construction басқармасының төрағасы:
‒ Бұл біздің компаниямыздың Назарбаев зияткерлік мектебімен бірге жүзеге асырған төртінші жобасы. Біздің команда әр жаңа ғимаратта онсыз да керемет жобаны жақсарта түсуге тырысады. Міне Шығыс Қазақстанда да BI Civil Construction дивизионының «арнайы дайындалған» тобының арқасында жақсы нәтиже көрсете білдік. Біз Қазақстанның құрылыс индустриясы мен білім кластерінің дамуына өз үлесімізді қосып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Және осындай үлкен сенімді ақтауға тырысамыз. Жаңа буын мектептерін салу BI Group компаниясы үшін үлкен мәртебе.



Мұнда автоматты суару жүйелері мен арнайы сыныптар үшін ең жаңа жабдықтар орнатылған. Мамандар «икемді орта» тұжырымдамасын қатал ұстана отырып, әр бөлшекті ерекше назармен құрап, білім үдерісі мен оқушылардың тәжірибе сабақтарының барынша жайлы және нәтижелі болуын қамтамасыз етуге тырысты. Мектеп айнымалы қабаттардан құралған, ең жоғарғы биіктігі 14 м. Ғимарат аудандағы сейсмикалық жағдайға байланысты 8 баллға дейінгі сілкіністерге қарсы қауіпсіз салынған.



Виктор Богма, BI Civil Construction дивизионы бас директоры:
‒ Бұл ғимараттың құрылысында заманауи инновациялық технологиялар қолданылды. Осында оқитын балалардың ең сапалы білім алуы үшін Еуропа мен АҚШ-тан ең жаңа зертханалар жабдығы алынды. Біз бүгінгі күнге, білім күні қарсаңында, ашып үлгеруге тырыстық, және үлгердік. Компания барлық талаптарды қатаң сақтады, соның ішінде ғимарат сейсмикалық нормаларға сай. Біздің балаларымыздың келешегі басты назарда болғанда, еш ымыра болмауы тиіс.

Атап өтейік, отандық құрылыс компаниясының заманауи мектептерді салу тәжірибесі өте кең: Өскемен НЗМ-і BI Group қоржынындағы төртінші жоба болып табылады, компания сонымен қатар Қостанай НЗМ (2014), Астана НЗМ (2016) және Семей НЗМ (2016) салып берді.


Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: