Лента новостей
0

Атырау облысында бейтаныс әйел ұрлап кеткен екі бүлдіршін табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.09.2017 14:02 Zakon.kz
Куәгердің бірінің сөзіне қарағанда, ол балаларды ауыл сыртынан көрген.
Атырау облысында 28 қыркүйек күні сағат 20:30-да бейтаныс әйелмен бірге таксиге отырып кетіп қалған екі бала үйінен 150 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, балалардың жоғалғаны туралы ақпарат Мақат аудандық ішкі істер бөліміне 28 қыркүйек күні сағат кешкі сегізден кете түскен. Полицейлер хабарлама түсе сала, жоғалған бес жасар ұл мен оның төрт жасар немере қарындасын іздеуге кіріседі.

«Дабыл бойынша аудан полициясының жеке құрамы түгелдей жұмылдырылды, кейін жақын орналасқан аудандардың да полиция қызметкерлері қосылды. Сонымен қатар прокуратура, әкімдік және ауыл тұрғындары да балаларды іздеуге атсалысты», - дейді Сыбанқұлов.

Оның айтуынша, сағат 22:00-де балаларды ауыл маңындағы «мұнараның» жанынан көрдік деген ақпарат келіп түскен.

Куәгердің бірінің сөзіне қарағанда, ол балаларды ауыл сыртынан көрген, оларға «менімен бірге жүріңдер» деген екен, балалар қорқып қашып кетіпті. Кейін тағы балалар бөгде әйелмен бірге таксиге отырып, кетіп қалды деген ақпарат келіп түседі. Ауыл тұрғындары ауыл маңынан ақыл-есі кем бір әйелдің жүргенін айтқан. Тек таңғы сағат 4:00-де балалардың Жылыой ауданы Құлсары қаласында екені анықталады.

«Бастысы балалардың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, тек тоңып, қарындары ашып қалған. Балалардың ата-аналары бірден жолға шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, балаларды бөгде әйел алып кеткен екен. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша («Адам ұрлау») сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Сыбанқұлов.

Фото: Baq.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: