Маңғыстау облысының тұрғыны пойызда босанып қалды
Zakon.kz
Нәресте түнгі 2:30-да өмірге келді.
Қазанның 2-сіне қараған түні пойызбен Ақтауға бет алған Бейнеу тұрғыны жол үстінде босанып қалды. Қуанышқа орай пойызда терапевт-дәрігер Салима мен Бағила Дүйсенқызы есімді дәрігерлер жолаушы болып келе жатқан. Келіншекті солар босандырып алды, деп жазады stan.kz, Лада жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап .
Тұрсынай Айтжанованың толғағы басталғанда пойыз бригадирі Пернегүл Жалғасова мен жолсерік Мұратбай Тұрманов бүкіл вагонды аралап дәрігер іздейді. Ақырында әпкелі-сіңілі дәрігер Салима мен Бағила Дүйсенқызын іздеп табады.
Нәресте түнгі 2:30-да өмірге келді. Кейіннен жедел жәрдем бригадасы жаңа босанған ана мен баланы Маңғыстау ауданының ауруханасына алып кетті.
Фото: stan.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript