Жол азабын тартқан оралдықтар билікке арнап бейәдеп сөз жазылған тақтайша жапсырып қойды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.10.2017 16:06 Zakon.kz
Жолдың жөнделуін күте-күте шаршаған тұрғындар өз наразылықтарын осылай білдіргісі келсе керек.
Батыс Қазақстан облысындағы аялдамалардың біріне ілінген “Жол қайда с…” деп бейәдеп сөзбен жазылған жазу тұрғындардың езуіне күлкі үйірді. Бұл туралы stan.kz, “Мой Город” жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Жазуы бар тақтайшаны күнде сол жолмен қатынайтын тұрғындардың бірі түсіріп алған. Олардың сөзінше жолдың асфальті әбден сетінеп, тек шұңқырлар ғана қалған.

“Плодоовощный ауылына бара жатқан Шолохов көшесі бойындағы аялдамада билікке арналған үндеу жазылған тақтайша пайда болды”, – дейді тұрғындар.

Жолдың жөнделуін күте-күте шаршаған тұрғындар өз наразылықтарын осылай білдіргісі келсе керек.

Фото: stan.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: