Ақтөбеде баласына алимент төлеуден жалтарған әке қамауға алынды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.10.2017 12:33 Zakon.kz
Алимент бойынша бережағы 2 257 257 теңгені құрайды.
Жауапкершіліктен қашқан әкенің балаларына көмек көрсетпегеніне бірнеше жыл болған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Оның алимент бойынша бережағы екі миллион теңгеден асқан.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында балаларының алдындағы жауапкершіліктен қашқан азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол жасы кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарып, сот шешімін қасақана орындамаған.

Алимент бойынша бережағы 2 257 257 теңгені құрайды.

Балаларынан қашқан әке ҚР ӘқбК 669-бабымен жауапқа тартылды деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Фото: aktobenews.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: