Маңғыстауда алғашқы күн электр станциясы іске қосылды

Пресс-служба акима Мангистауской области, фото - Новости Zakon.kz от 01.05.2018 17:42 Пресс-служба акима Мангистауской области
Қазақстанда бұған ұқсас басқа жоба жоқ.

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Маңғыстау облысының тарихында тұңғыш рет Күн сәулесінен электр қуатын алатын станция ашылды және Теңіз суын тұщытатын зауыттың алғашқы тасы қаланды, деп хабарлайды zakon.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстанда теңдесі жоқ жоба – күн сәулесінен электр қуатын алатын станцияның ашылуына қатысты. Мұнайлы ауданы Батыр ауылында қуаттылығы 2 Мвт күн сәулесінен электр қуатын алатын станцияның жалпы ауданы – 36,05 га, жоба құны – 1,2 млрд теңге. Нысан «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы арқылы қаржыландырылды. Электр станциясын пайдалану үшін 8580 күн панелі орнатылған. Панельдер Қазақстанда отандық кремнийден өндіріледі. Бұл – отандық өндірістегі күн батареяларында жұмыс істейтін тұңғыш электр станция. Жаңа қондырғы 300-ге жуық үйді таза электрмен қамтамасыз етеді.

«2017 жыл – Қазақстан халқы үшін табысты жыл болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында күллі әлем назарын аударған «Болашақ энергиясы» ұранымен «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кең ауқымда аталып өтті. «Болашақ энергиясы» жобасының түпкі мақсаты – тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылды», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, Құрық ауылында Теңіз суын тұщытатын зауыт құрлысының алғашқы тасы қаланды. Жоба құны – 39 млрд. теңге. Қуаттылығы тәулігіне 50 000 текше метр болатын зауыт жеке инвесторлардың қаражатымен салынады. Құрылыс кезінде 300 адам, пайдалануға берілген соң 150 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның аяқталу мерзімі 2020 жылға белгіленіп отыр.

«Бүгінгі мереке күні аясында өңірімізде бірнеше ірі жобалар басталмақ. Құрық ауылында теңіз суын тұщыту зауытының жобалық-іздестіру және құрылыс жұмысын бастаудың орайлы сәті келді деп есептеймін. Бұған қоса Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай, Мұнайшы, Құрық, Шетпе елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету және ауылшаруашылық саласын дамыту мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: