Түркістан облысында денсаулық фестивалі өтті

Асхат ӘССАНДИ, фото - Новости Zakon.kz от 09.09.2018 16:56 Асхат ӘССАНДИ
Фестивальдің мақсаты — тұрғындардың назарын белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Іс-шара таңғы сағат 08.00-де «Дені саудың — жаны сау» ұранымен жаттығу жасаумен басталады.

Түркістан облысында «Денсаулық фестивалі» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Денсаулық фестивалі – 2018» акциясы өтті. Бұл туралы zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. Фестивальдің мақсаты — тұрғындардың назарын белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Іс-шара таңғы сағат 08.00-де «Дені саудың — жаны сау» ұранымен жаттығу жасаумен басталады. Облыс орталығы Түркістан қаласында «Рәміздер» алаңында таңғы жаттығу өтсе, сағат 09.00-ден «Есімхан» алаңына дейін жаяу марафон өтті.

Марафонға спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер, барлық басқарма өкілдері, зейнеткерлер, спортшылар, дәрігерлер, сарбаздар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар, «Денсаулық — зор байлық» автошеруі де жұртшылықтың көңілін сергітті.

Фестиваль барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза сөз сөйлеп, елді спортпен шұғылдануға, денсаулығына сергек қарауға шақырды. Түркістан қаласының орта білім беретін мектептерінің оқушылары «Пайдалы тағамдар» көрмесіне қатысып, өздері дайындаған өнімдерін алып келді. Ал, фармкомпаниялар дәрі-дәрмектерін ұсынса, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы спорттың бірнеше түрінен сайыстар ұйымдастырды.

«Медициналық қалашықтарда» облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары дәрігерлерге тегін қаралып, «денсаулық сандарын» (қандағы қант, холестерин деңгейі, АҚ деңгейі және т.б.) анықтау үшін экспресс-анализдер тапсырды. Дәрігерлер келушілерге салауатты өмір салты ұстану бойынша кеңестерін беріп, денсаулықты сақтау әр адамның міндеті екенін жеткізді.

Фестиваль барысында спорттық және мәдени іс-шаралар өтіп, денсаулықты сақтау жолдары түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында ұйымдастырылды.

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: