Лента новостей
0

Қазақстан заңнамасын не үшін өзгертемін және оның мемлекетке қандай көмегі бар?

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.04.2014 18:45 Фото: zakon.kz
Заңгер

Заң тұрғысынан қарау-әділеттіліктің белгісі болғандықтан біздің, яғни халықтың заңнамаларға деген көзқарасы әділеттілікті аңсайды. Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды ету арқылы Конституцияны қабылдайды.

ҚР Конституциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi. Сондықтан Конституцияны жоғары деңгейде көргіміз келетіні анық. Біздің Конституцияға қосар ұсыныстарымыз мынадай:

1. ҚР Конституциясының 15-бабы бізге былай дейді:

«1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ». Иә, ешкімнің хақысы жоқ, бірақ психологиялық тұрғыдан қарасақ, Конституция әркімге өмір сүру құқығын бере отырып, өлу құқығында бергені дұрыс деп есептейміз, себебі: қатты емделмейтін ауруға шалдыққан адам, қатты қиналған адам ешкімнің басына масыл болғысы келмейтіні анық.Толығырақ айтсақ,

15- бапқа қосымша 3 -тармақты мынадай түрде «Әркімнің шешім қабылдауға құқығы бар және қатты емделмейтін ауруға шалдыққанда ғана пассивті эвтаназияны қолдануға құқығы бар» енгізуді ұсынамыз.

2. ҚР Конституциясының 7-бабының 2-тармағында : «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» делінген. Осы норманы өзгертуге мынадай ұсыныс білдірсек:

«Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тілін қолдану тіптен мүмкін болмаса ғана орыс тілі қолданылады». Себебі: қазақ тілін орыс тілімен тең дәрежеде ұстау-қазақ тілінің мәртебесін түсіру деп есептейміз.

ҚР Конституциясының 27-бабында былай делінген: «1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi». Міне, егер ана,әке, бала мемлекеттің қорғауында болса, балаларын тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы болса қазір неге көптеген балалар ата-ана қамқорлығынсыз қалып жатыр? Соған сәйкес біздің негізгі ұсынысымыз:

Мемлекет тарапынан баласын қараудан жалтарған ата-аналарды мәжбүрлі түрде баласын тәрбиелеуге жағдай жасап беру. Яғни ҚР Конституциясының 27-бабаның 2-тармақшасына мынадай өзгертулер енгізу керек: «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. Ата-ана өз жағдайына байланысты баланы тәрбиелеуден бас тартса, мәжбүрлі түрде мемлекет оған үзілді-кесілді тыйым салуға міндетті және тәрбиелеу үшін жағдай (жұмыс,балабақша)жасап беруге міндетті.

Сонымен қатар біздің негізгі ұсыныстарымыз «Әр заңгер оратор бола білу керек және қажет болса ораторлық мектеп оқуын бітіруі міндетті» деген талапты заңгерлерге қою керек. Неге десеңіз, сотта айыптаушының, қорғаушының өз дәлелдемелерін дұрыс жеткізе білуі іс үшін өте маңызды.

ҚР Алқабилер туралы заңының 13 - бабы 2-тармағында: «Алқаби: процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға құқылы» делінген. Осы тармақты «Алқаби процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға құқылы» деп өзгерту керек. Себебі: біз оларға сұрақты төрағалық етуші арқылы қойғызсақ ауызша жариялылық принципін сақтамаймыз.

Міне, жалпы біздің тарапымыздан негізгі өзгертулер осындай. Назар аударғандарыңызға рахмет!

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: