Лента новостей
0

Мен Қазақстан заңдарында ауыстырар едім, нені, және ол елге не береді?

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.05.2014 20:30 Фото: zakon.kz
Заң ғылымдарының кандидаты

Заң ғылымдарының кандидаты, Сартбаева Улданай Карахановна

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті. Шымкент қаласы

Жалпы тәуелсіздікке қолы жеткен ел даму бағытында алдыңғы қатарлы дамыған елдердің тәжірибелерінің елеулі дәмін татып көріп, сосын іске асыратыны табиғи заңдылық. Осындай қадамға сәйкес экономикалық бағдарламалар мен заң жобалары жасалып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатады.

Осыған байланысты, еліміз үшін аса маңызды мәселелердің негізгі көзі болып табылатын экономикалық дағдарыстан қиналмай өту, әлеуметтік оңтайландырылған тиімді де өнімді нарықтық механизм құру үшін қоғамдағы қылмыспен күрес жүргізу үшін құқық қорғау органдарының алатын орны ерекше. Бұл арада қылмыс заңдылықтарының орындалғанын қарау мәселесі, соттардың жаза тағайындау мәселесі қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды айқындауда көрініс табады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы , Қазақстан Респуликасының Қылмыстық кодексі , Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі , Қазақстан Респуликасының Қылмыстық атқару кодексі және басқа да нормативтік актілер мен қылмыстық заңдар негізге алынып, қылмыстық жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән – жайлардың қылмыстық жаза тағайындау институтындағы құқықтық мәніне аса қажетті көңіл бөлуді қарастардым.

Зерттеудің ең басты шеңбері – қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлардың құқықтық тәртібін айқындауда қылмыстық заңдылықтың тиімді әрі мақсатты түрде айқындалуын шешуге бағытталған.

Қылмыстық заңдылықта жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән – жайлар деп - кінәлінің жеке басына және ол жасаған қылмысқа қатысты, қылмыс құрамынан тысқары тұратын қылмыс пен қылмыскердің қоғамға қауіптілігін азайтатын және оның жауаптылығы мен жазасының дәрежесін төмендететін түрлі факторларды айтамыз. Жасалған қылмыста жеңілдетілген жағдайлардың бар болуы бап санкциясы шегіндегі жазалардың жеңілдеу түрін тағайындауға, сонымен бірге қылмыстық жауаптылықтан толықтай босатуды не шартты соттауды қолдануға мүмкіндік береді.

Заң талаптарына сәйкес кінәлі адамға жаза тағайындау кезінде соттар қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды ескереді. Оларды ескеру соттарға жасаған қылмысы үшін кінәлі адамға жазаны жеке даралауға мүмкіндік береді және үкімнің жаза тағайындауға қатысты бөлігі бойынша заңдылықтың сақталғанын көрсетіп, сот сатысының қызметін жеңілдетеді. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін жағдайларға – қылмыстық әрекетке, қылмыскердің жеке басына тікелей немесе жанама қатысты қоғамға қауіптілікті азайтатан және соған сәйкес жауаптылық пен жазаға ықпал ететін қылмыс құрамының шегіндегі және оның шегінен тыс жағдайлар жатады.

Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән – жайлар деп - жазаның мөлшерін көтеруге әсер ететін ауырлататын жағдайлар болған кезде соттар нақты қылмыс сараланып бап санкциясы шегіндегі ең қатал жазаны немесе жазаның жоғары мерзімін тағайындауды айтамыз.

Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлардың топтастырылуына қарар болсақ жауаптылықты жеңілдететін мән – жайлар төмендегідей үш топқа топтастырылды.

1. Тек қылмыстың өзін ғана сипаттайтын жағдайлар;

2. Тек кінәлінің жеке басын ғана сипаттайын жағдайлар;

3. Қылмысты және кінәлінің жеке басын қатар сипаттайтын жағдайлар.

Жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды жан – жақты ескерудің маңыздылығы мен қажеттілігі жөнінде тек заң әдебиеттерінде емес, сонымен қатар басқарушы сот органдарының қаулыларында да бірнеше рет көрсетілген.

Ал қылмыстық жаза тағайындау кезінде жауаптылықты ауырлататын жағдайлардың орны ерекше. Теорияда және сот тәжірибесінде ауырлататын мән – жайларды қолданумен байланысты көптеген мәселелер пікірталастар туғызады.

Соның ішінде жазаны жеке даралау кезіндегі заңда көрсетілмеген жауаптылықты ауырлататын жағдайлардың рөлі жөніндегі мәселе отыр: жазаны ауырлататын жағдайлардың жеке түрлерін бағалау мәселері де даулы болып табылады.

Жоғарыда аталған мәселені талдай келе, қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән – жайларды төмендегідей топқа топтастыруды дұрыс деп санадым.

1. Тек қана қылмыстық әрекетті (әрекетсіздікті) сипаттайтын жауаптылықты ауырлатушы жағдайлар;

2. Тек қана қылмыскердің жеке тұлғасын сипаттайтын жауаптылықты ауырлатушы жағдайлар;

3. Қылмысты және қылмыскердің жеке тұлғасын қатар сипаттайтын жауаптылықты ауырлатушы жағдайлар.

Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау қылмыстық жаза тағайындау барысында ұқсас қылмыстарды бір-бірінен қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі.

Өйткені, қылмыстық құқықтық қорғау объектісіне әрқашанда өзінің мәні мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Объекті маңызды болса соған сәйкес істелген қылмыста қауіпті болып саналады. Осыған орай, оны қылмыстық құқықтық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады. Әрекетті дұрыс саралап, дұрыс жаза тағайындау үшін, қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің нақты мән-жайын, сондай-ақ қылмысты қылмыс емес әрекеттен, бір қылмысты екінші бір қылмыстан айыруға мүмкіндік беретін кұрамның белгілерін, яғни басты белгісі қылмыс объектісін жақсы білу қажет.

Осыған орай, қылмысты жаза тағайындау институтындағы жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды белгілеуде қылмыс құрамының элементтерінің бірі қылмыс объектісінің қаншалықты маңызды екендігі осыдан да түсінікті болар.

Адамның іс-әрекетінің сыртқы көрінісі қылмыстық құқықта қылмыстың объективтік жағын құрайды. Әлбетте, қылмыстың объективтік жағы қылмыс объектісі сияқты қылмыс құрамының объективтік сипаттағы элементтерінің бірі болғанымен одан ауқымдырақ. Ол дегеніміз қылмыстың өзіне тән сыртқы қабылданатын жағы. Ол белгі субъектінің іс-әрекетінен (әрекет немесе әрекетсіздік) басталып, қылмыстың салдарының тууымен аяқталатын оқиғалар мен құбылыстардың ретті дамуы тұрғысынан оның сыртқы жағынан қарастырылатын заңмен қорғалатын мүдделерге қоғамдық қауіпті және заңға қайшы қол сұғу процесі болып табылады.

Қылмыс құрамының төрт нышанының бірі, оның объективтік жағы - қылмыстың сыртқы жағы бола тұрса да, ол тек субъективтік жағымен салыстырғанда ғана «сыртқы», әйтпесе, ол сонымен қоса, қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұғу механизмі үшін ішкі сипаттама болып табылады.

Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды белгілеуде қылмыстың объективтік жағының маңызы біріншіден, оның қылмыстың белгілерін дәлме-дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс саралаудың негізгі болып табылады, екіншіден, объективтік жағының белгілері арқылы қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды белгілеуде, қылмыстық жаза тағайындауда өзара жақын ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туады (мысалы, ұрлықты тонаудан, алаяқтықты ұрлықтан және т.б.). Осыған байланысты қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды элементтері қатарына жатады. Сонымен қатар, қылмыстың объективтік жағының қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларда мәні мынада; біріншіден, қылмыс құрамы шегінде қылмыстық құқықтағы қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады; екіншіден, қылмыстың объективтік жағының мәні ол көбінесе, негізгі қылмыстық іс-әрекетті басқа қылмыстардан бөлу шегін ажырату белгісі болып табылады.

Мәселен, қылмыстық жаза тағайындауда, қылмысты дәрежелеу процесінде қылмыстың субъектісі, субъективтік жағы, объектісінің ұқсас қылмыстарды ажыратуда топтық және тікелей белгілері бір-бірімен үйлеседі. Қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес, қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісінің қоғамға қауіптілігіне, қылмыстық заңға қайшылығынан және объективтік жағының белгілерінен өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді; үшіншіден, қылмыстың объективтік жағының қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаудағы мәні қылмысты тәртіпсіздіктен, теріс-қылықтан ажырату белгісі болып табылады.

Қылмыстың субъективтік жағы қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды анықтауда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды рөл атқарады.

Қылмыстың субъективтік жағының белгілері - кінәні, ниетті, мақсатты дұрыс анықтаудың қылмыстық жаза тағайындауда, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды белгілеуде маңызы мынада: біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді, екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады, үшіншіден, қылмыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің, деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Сол сияқты субъектінің маңызы да ерекше болып табылады.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар дегенде қылмыс пен қылмыскердің қоғамдық қауіптілігін, осыған орай, оның жауаптылығының деңгейін азайтатын немесе арттыратын және де жазаға ықпал жасайтын, айыпкердің жеке басы мен оның жасаған қылмысына қатысты сан алуан факторларды түсінеміз. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлардың құқықтық тәртібінің ерекшеліктерін негізге ала отырып, біз мынадай шешімге келеміз.

Жеңілдетуші мән – жайларды ескеру сотқа мынадай құқықтар береді: а) баламалы санкциялар қатарына жазаның кішігірім ауырлықтағы түрін тағайындау; б) жазаны ҚК қылмыс бағаланған бабының санкциясында белгіленген ең төменгіге жақын немесе оған тең мөлшерде анықтау; в) ҚК 55 – бабына сүйене отырып аталған қылмыс үшін көзделген жазадан неғұрлым жеңілдеуін қолдану; г) шартты соттауды қолдану.

Ал ауырлатушы мән – жайлардың болуы сотқа бұған қарама – қарсы мүмкіндіктер береді: а) баламалы санкциялар болса онда көрсетілген жазалардың неғұрлым қатал түрін тағайындау; б) ҚК Ерекше бөлімінің айыпкердің әрекеті бағаланып отырған бабының санкциясында көзделген жазаның ең жоғарғы мөлшеріне тең немесе соған жақын мөлшерде жаза тағайындау; в) ҚК 55 – бабын қолдану мүмкіндігін болдырмау; г) шартты соттау мүмкіндігін жою.

Сонымен қорыта келе, зерттеу жұмысында ғылыми әдістемелік жолмен қамтамасыз ету бойынша жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлардың сұрақтарына ұсыныстар жасай келе аталған мән – жайларды толық мәлімдеуге байланысты теориялық, әдістемелік біраз жүйелі негіздерді айқындауды қарастырдым.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: