Лента новостей
0

"Самұрық-Қазына" доллар бағамына қатысты болжамын жариялады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.01.2015 17:56 Zakon.kz
Ондаған ірі ұлттық компанияның басын қосатын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры биыл АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы ең қатты құлдырады дегенде 420 теңгеге дейін жетеді деп болжайды деп жазады Азаттық.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, "Самұрық-Қазына" қорының басқарма мүшесі Елена Бахмутова қор теңге қатты құлдырады дегеннің өзінде мұнай баррелінің бағасы 20 долларға дейін түсіп, бір доллар 420 теңге болады деп болжайтынын мәлімдеген.

Бахмутова биыл қалыпты жағдайда мұнай баррелі 25 доллар болса, доллар бағамы 400 теңге шамасында болады деген. Қор экономикалық ахуал жақсарады деген күнде мұнай баррелі 35 доллар болып, доллардың айырбас бағамы 380 теңге болады деген болжам айтады.

Қазақстан ұлттық валютасы - теңге тамыз айында еркін айналымға жіберілген кезден бері өз бағамынан жүз пайыздан астамға құлдыраған. Қазақстан Ұлттық банкінің бүгінге белгілеген доллар бағамы 380 теңге 3 тиынды құрайды.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі биылғы жылдың бюджетін қайта қарауы мүмкін екенін хабарлаған. 2016 жылғы бюджет Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 40 доллар, доллар бағамы 300 теңге бағамына есептеліп бекіген.
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: