Өткен жылы соққыға жығылған дәрігер жұмысқа оралды

16 июня 2016, 17:10
Фото:

Өткен жылы соққыға жығылған дәрігер Наркескен Сейсембаев жұмысқа қайта оралды. Қазір ол ақпараттық-диспетчерлік бөлімде аға дәрігер қызметін атқарады. Мүгедектігіне байланысты оған жеңілдетілген тәртіптегі жұмыс ұсынылыпты, деп жазады Алматы телеарнасы.

Наркескен Сейсембаевтың жұмысы таңғы 8-ден басталып, түскі сағат 15.00-де аяқталады. Қазіргі міндеті көмек сұрап хабарласқандармен тілдесіп, оларға қолдан келгенше жәрдемдесу. Болашақта талай жоспары болған жас маманның қызметін өзгертуіне өткен жылғы оқиға себепші болды. Адамның өміріне араша түсемін деп, жазықсыз жапа шеккен азамат әлі де бұл саладан қол үзбек емес. Себебі ол дәрігер болуды бала кезінен армандаған.

«Жүрегіммен қайтадан келуге асыққаныммен, бірақ өзім ауруханада жаттым. Асығып тұрдым осы жұмысқа. Керісінше, мына жарақат қайта асығып келуге стимул болды. Армандадым. Бірақ жатып қалған соң, жұмысқа қайта келу оңай емес қой. Қолың шығып қалады, ойың шығып қалады», - деді аға дәрігер Наркескен Сейсембаев.

Талай шақыруларға барып жүрген дәрігер әзірше кезекшілікті атқара алмайды. Қазір ол тек күндізгі уақытта жұмыс істейді. Еске сала кетсек, оқиға өткен жылы 25 қарашада болған еді. Сол күні 8-ші жедел жәрдем стансасына жүрегі ауырған әйел шағымданып, дәрігер шақыртқан. Дереу жеткен фельдшерлік топ науқастың жағдайының ауырлығын көріп, электрокардиограмма жасау қажеттігін ескеріп, көмекке желілік бригада тобын шақыртыпты. Құрамында дәрігер Наркескен Сейсембаев пен оның көмекшісі Асылбек Нұрбаев та бар. Науқас әйелді тексерістен өткізіп жатқан дәрігерді науқастың күйеуі басынан таспен ұрған. Сол күні-ақ ауыр соққы алған Наркескен Сейсембаев тек 18 желтоқсан күні есін жинапты. Мұндай жайтты бастан өткерген Наркескеннің жедел жәрдем станциясына қайта оралуына ата-анасы қарсы болыпты.

«Қанша дегенмен ата-ана ғой. Қатты уайымдайды. Балам қой, үйде отыр, үйлен, ауылға кел деді. Бірақ мақсатың болғаннан кейін, арманың болғаннан кейін үйде отырмайсың ғой қанша дегенімен. Ол кісілер түсінеді. Басыңа бір қиын жағдай берілді, енді бұдан басқа қиын жағдай берілмейтін шығар деп айтты. Тек алға қарай өрлейтін шығарсың деп батасын берді», - деді аға дәрігер Наркескен Сейсембаев.

Дәрігерлердің жәрдем көрсетемін деп барып, өзі жарақат алатын жағдайларының соңғы кезде жиілеп кеткенін айтады ақ халаттылар. Наркескеннің жағдайынан кейін бұл оқиға қайталанбас үшін өздерін қорғайтын бір заңның болуын сұраған. Бірақ бұл ұсыныс әлі де шешімін таппай келеді.

«Мен біздің дәрігерлерді батыр деп айтар едім. Себебі қаншалықты жаман сөз есітеп жатса да соған қарамастан, біздің дәрігерлер халыққа қызмет етуін тоқтатпайды. Осыған орай, дәрігерлерге, медбикелерге қорғау болса екен деп едім», - деді №2 қалалық емхананың бас дәрігері Тоғжан Есбергенова.

Қазіргі таңда жедел жәрдем станциясына күніне орта есеппен 2500-ге жуық қоңырау келіп түседі. Әсіресе, жаз мезгілінде шақырулар көбейеді, дейді олар. Бүгінде жедел жәрдем станциясында екі мыңнан аса қызметкер бар. Оның ішінде 9 қосалқы станция құрамында 161 бригада қызмет етеді.

Перизат Көмекбайқызы, Мұрат Тайжанов

Фото:today.kz


Читайте новости zakon.kz в
Показать комментарии

Популярное

все топ новости

НОВОСТИ

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:

Хотите быть в курсе важных новостей?