Семей өңірінде дәрігер тапшы

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.04.2016 22:37 Zakon.kz
Мамандардың айтуынша, бұған жұмыс беруші мен жас кадрлардың арасындағы байланыстың өз деңгейінде болмауы себеп.

Семей өңірінде дәрігер тапшы. Мемлекеттік медицина университеті жыл сайын 700-ден астам маман даярлап жатқанымен, Шығыс Қазақстан мен көршілес Павлодар облысында 170-ке жуық медицина қызметкері жетіспейді, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.

«Мәселе жұмыс беруші мен жас кадрлардың арасындағы байланыстың өз деңгейінде болмауынан», дейді мамандар. Сондықтан, Семейдегі медицина университеті жұмыс берушілер съезі мен бос орындар жәрмеңкесін қатар өткізді.

Нәтижесінде болашақ дәрігерлер мен жұмыс берушілер арасында алдын-ала келісімшарттар жасалды.

Ержан Жақып

Фото: alashainasy.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: