Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақтөбеде ерте темір дәуірінің қорғаны табылды

Қорғанның жан-жағы түгел саз балшықпен қоршалған. Археологтардың жорамалы бойынша, мұны жерлеу рәсіміне қатысқан адамдар жасауы мүмкін.

Фото : 24 июня 2016, 18:04

Ақтөбеде 2,5 жылдық тарихы бар қорған табылды. Қорған Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Желтау селолық округінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазба жұмыстарын облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бірлесе жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz.

Облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция ұзақ жылдарға арналған жоспар құрып, өңірдегі жойылып бара жатқан тарихи-мәдени жәрігерлерді қорғауға бағытталған жұмыстарды бастады.

«Құнды маталдан жасалған бұйымдар табылмағанымен, біз үшін табылған қорғанның ғылыми жаңалығы маңызды. Бұл ғылыми мақалалар мен дипломдық жұмыстарға арқау болатын жәдігер. Осы арқылы үлкен жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз. Ең бастысы бұл жерде жастар бар. Олар тәжірибе жинап, қазба жұмыстарын студент кезден үйреніп жатыр»,- дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологі Арман Бисенбаев.

Қазба жұмыстарына барлығы 20-дан астам адам жұмылдырылған екен.

Қорғанның жан-жағы түгел саз балшықпен қоршалған. Археологтардың жорамалы бойынша, мұны жерлеу рәсіміне қатысқан адамдар жасауы мүмкін.

«Қазба жұмыстарын жүргізуде жаңа технология қолданылды. Құжаттарды тіркеуде заманауи құралдар пайдаланылып жатыр. Технологияны жетік меңгерген жас мамандар 3D форматында анимациялық ролик жасауды жоспарлап отыр»,- дейді А.Бисенов.

Ауыл шетіндегі бір қорғаннан екі жас жігіт табылды. Бірінің жанынан сол заманда қолында билігі бар адам ұстайтын сүйектен жасалған белгі табылды. Бір жақ басында барыс, екінші шетінде қасқырдың бейнесі ойлып жасалған белгі құнды жәдігерлердің қатарына жатады. Археологтар барлығы 2 қорғаннан 6 адамды қазып алған.

«Бұл ерте темір дуіріне жататын қорған. Яғни, біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырдың аяғы, 5 ғасырдың басына тұспа-тұс келеді. Қазба жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Қазір бәрі аяқталды, бірер күннен соң табылған заттар мен сүйектер жиналады. Түрлі сараптамалар тағайындалып, зерттеу жұмыстары бастады. Кейін бәрі облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылады»,- дейді облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция директоры Аслан Мамедов.

Оның айтуынша, қорған «Алтын адам» өмір сүрген ерте темір дәуіріне жатады.

«Елімізде тарихи жәдігерлер өз дәрежесінде қорғалмайды. Мұнай-газ, жол саласындағы ірі компаниялар үшін табыс маңызды. Олар жеріміздегі ата-баба тарихын зерттеуге кедергі келтіріп жатады. Біздегі «Тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы да әлсіз. Қылмыстық жауапкершілікті алып тастап, тек ескерту берумен шектелетін болды»,- дейді Арман Бисенов.

Айта кетейік, қазба жұмыстарына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Олардың бәрі ерікті еңбек етіп жүр. Қазір қазба жұмыстары Қобда ауданында да жүріп жатыр. Алдағы уақытта тағы бірнеше ауданда дәл осындай тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау жұмыстары атқарылады.

Фото: Bnews.kz.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии