Павлодар облысында жолаушылары бар шағын автобус аударылып қалды

Zakon.kz Zakon.kz
Жол көлік апатынын орнынан ауруханаға 20 жастағы қыз жеткізілді.
Павлодар облысы Железин ауылының қасында жолаушылары бар шағын автобус аударылып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жедел ақпаратқа сәйкес оқиға 14 қазан күні орын алған. Железин ауданының әкімдігінде мәлім еткендей Merсedes шағын автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, нәтижесінде автобус аударылып қалды.

Жол көлік апатынын орнынан ауруханаға 20 жастағы қыз жеткізілді. Аудандық аурухананың дәрігерлерінің айтуынша, науқастың миы шайқалып, түрлі дене жарақаттарын алған.Оның жағдайы бір қалыпты. Бейресми мәліметтерге сәйкес апат кезінде көліктің ішінде бес адам болған. Алдын-ала болжам бойынша шағын автобус көк тайғақтың салдарынан аударылып қалған.

Фариза Қазыбекқызы

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления