Павлодарлық прокуратура Екібастұзда тәртіп сақшыларының қатысуымен болған атысты тексеруде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.07.2016 18:17 Zakon.kz
Жараланған екі азамат қалалық ауруханаға жеткізілді, жас жігіттер оқиға орнынан қашып кеткен.

Павлодар облыстық прокуратурасы Екібастұз қаласының «Шеки» кафесінде орын алған атысты тексеруде. Атыс кезінде ІІБ қызметкері мен прокурордың көмекшісі жарақаттанған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Агенттікке белгілі болғандай, оқыс жағдай сенбі күні болған. Прокуратура қызметкері кафеде көңіл көтеріп отырған 1993 жылғы екі жігітке ескерту жасап, артынша атыс басталған. Жараланған екі азамат қалалық ауруханаға жеткізілді, жас жігіттер оқиға орнынан қашып кеткен. Облыстық прокуратура мен ІІД аталмыш жағдайды растады. Ал, ІІД-нің баспасөз қызметі ресми ақпарат беруге уәде берді.

Абзал Қабдраш

Фото: ibirzha.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: