Лента новостей
0

ОҚО әкімі Түркияның құрылыс компанияларымен кездесті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.01.2017 14:22 Zakon.kz
Басқосуда қос тарап, қалада тұрғын үй құрылысы саласында бірлескен жобалар құруды және басқа өндірістік салаға түркиялық инвесторларды тарту жайын сөз етті.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев құрылыс саласында түрлі жобаларды іске асырған түрік компанияларының жетекшілерімен кездесті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстанға инвестиция салуға ниетті «AKAY CONSTRUCTION INC» және «MESCIOGLU muhendislik ve musavirlik a.s.» компаниялары жол құрылысы, тұрғын үй құрылысы саласы мен өлшеу аспаптарын өндіру және өзге де өндірістер саласында жұмыс жасайды.

Басқосуда қос тарап, қалада тұрғын үй құрылысы саласында бірлескен жобалар құруды және басқа өндірістік салаға түркиялық инвесторларды тарту жайын сөз етті. Сонымен қатар, компания басшылары «Shymkent City» кешенінің құрылысына қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, MESCIOGLU компаниясы 10 жылдан бері Ыстамбулдың автомобиль жолдары мен жол қиылыстары басқармасының жобаларын әзірлеп, көпір, өтпежол, тоннель және автобиль жолдары жобасында инжинирингтік қызметтер көрсетіп келеді.

Ал, 1985 жылы құрылған құрылыс компания «AKAY CONSTRUCTION INC» сол жылдар ішінде түрлі әлеуметтік нысандар мен университеттер, үлкен ойын-сауық орталықтарын және 8300 тұрғын үй кешені сынды тағы да басқа ғимараттар салған.

Аталған компаниялар жүргізілетін құрылыстың сапасы жоғары әрі салынатын әлеуметтік үйлердің бағасы төмен болатындығын айтып отыр.
Сапар барысында делегаттар «Қазақ-түрік» индустриалды аймағының жұмысымен танысып, облыстың кәсіпкерлерімен кездеседі.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: