Шымкентте адам қағып өлтіріп, қашып жүрген жүргізуші ұсталды

Zakon.kz Zakon.kz
1966 жылы туған азамат алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза болды.
Шымкентте көлігімен ер адамды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші құқық органдарының қолына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 2016 жылдың 31 қаңтары күні қала көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен болатын.

Жүргізуші көмек көрсетудің орнына, бой тасалаған. 1966 жылы туған азамат алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза болды.

Аталмыш факті бойынша өңір полицейлері Қылмыстық Кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» баптарымен іс қозғап, күдіктіге іздеу жариялаған болатын.

Көлік жүргізушісі бір жарым айдан кейін тәртіп сақшыларының қолына түсті. Ол 1985 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Адам өліміне кінәлі жүргізушінің «Ауди 100» көлігі айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда сезікті уақытша тергеу абақтысына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: www.inform.kz



Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления