Өткен демалыста елімізде 11 бала суға кетті

Zakon.kz
Соңғы демалыста ел аумағында 11 бала суға батып, опат болды. Еліміздің төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше,екі бала құтқарылыпты.

Күн жылынғалы суға шомылатындар саны артып, ажал құшу жағдайлары да жиілей бастады. Көбіне бүлдіршіндер ата-аналарының қарауынсыз қалады. Сонымен қатар, ересектің бақылауынсыз, өзенге барып шомылатын балалар саны Қызылорда мен Атырау облыстарында азаймай отыр, деп жазады Алматы телеарнасы.

Әрі, еліміздің оңтүстік өңірлерінде қадағалаусыз қалған сәбилердің суға кету оқиғасы да тіркеліпті. Жексенбі күні 2014 және 2016 жылы туылған екі кішкентай баланың суға ағып кету жағдайы Ұзынағаш пен Қарасай аудандарында тіркелген.

Сондықтан төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ата-аналарға балалары үшін аса сақ болуды, көз жазбауды сұрайды. Баланы қараусыз қалдырған ата-ана қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Фото: 365info.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Игорь Крутой представил новую песню для казахстанца Alex Lim