Жамбыл облысында адам ұрлағандар бас бостандығынан айырылды

Zakon.kz
Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның соты қылмыскерлерге қатысты үкім шығарды.

Жамбыл облысында төрт жігіт адам ұрлап, оған өзі жасамаған қылмысты мойындатпақшы болған, деп хабарлайды BNews.kz.

Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның соты ҚР Қылмыстық кодексінің «ірі көлемде ескірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау» және «бір топ адам алдын ала уағдаласып адам ұрлау, денсаулығына орта деңгейде залал келтіру» баптары бойынша А. есімді азамат пен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық істі қарады».

Сотталушы А. ірі көлемде ескірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау түрінде ауыр қылмыс жасады деп күдіктелген. Ол қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында істеген ісін басқа тұлғаға артуды жөн көреді. Сотталушы өзінің үш сыбайласымен бірігіп, Рысқұлов ауданының Е. есімді тұрғынына кезігіп, оны күшпен кеніш жаққа алып шыққан.

Осы жерде олар зардап шегушіні барлық істі мойнына алуға күштеп мәжбүрлейді. Олардың бұл талабынан бас тартқан оны Луговое ауылына алып кетіп, онда бес тәулік бойы қамауда ұстаған.

Соттың шешімімен, кінәлі А. 8 жылға, ал оның үш сыбайласы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: news.bigmir.net

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Игорь Крутой представил новую песню для казахстанца Alex Lim