Ақмола облысында барымташылар жүздеген жылқыны айдап әкеткен

Zakon.kz
Ақмола облысында бес барымташы жүздеген жылқыны ұрлап, жасырып қойған.
Қарағанды облысында бес адам бір табын жылқыны ұрлап, Ақмола облысындағы бірнеше ауылға жасырған, деп хабарлайды sputniknews.kz, Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Тоғызыншы қазанда Қарағанды облысы Ахметауыл ауылының шопаны полицияға арыз беріп, белгісіз біреулердің 93 жылқыны ұрлап кеткенін айтқан.

"15 қазанда жедел-іздеу шаралары нәтижесінде Ақмола облысының Аршалы ауданныда 35 және 49 жас аралығындағы бес күдікті ұсталды", — деп хабарлайды өңірлік баспасөз қызметі.

Күдіктілер ұрлаған малды Ақмола облысында бірнеше ауылда жасырып ұстапты.

"Полицейлер Жібек Жолы, Бұлақсай, Сарыоба ауылдарынан 73 жылқы тапты, сонымен бірге Шортанды ауданы Шортанды ауылынан да ұрланған мал табылған", — деп хабарлайды полиция.

Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторында отыр, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: sputniknews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Эксперт предложил провести поэтапную девальвацию тенге – что говорят в правительстве

Новая волна сильных морозов ударит по Казахстану: где ждать -38°С

Переоборудование авто: внесены изменения в правила

Игорь Крутой представил новую песню для казахстанца Alex Lim

Отменить блокировку счетов банковских должников требует депутат