Қасым-Жомарт Тоқаев: Сайлау әділ, әрі ашық өтетінінде күмәнім жоқ.

Zakon.kz
Осы сайлау арқылы біз дүниежүзіне қазақ елінің бірлігі мен татулығын паш етуіміз керек.
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен маслихат депутаттарына Кеңесары 32 мекен-жайы бойынша орналасқан № 100 сайлау участкесінде дауыс берді, деп хабарлайды zakon.kz.

«Бүгінгі сайлау тарихта қалары сөзсіз. Себебі бүкіл әлемде қазір түрлі қақтығыстар мен лаңкестік әрекеттер болып жатыр. Оған қарамастан біздің бейбіт елде бұқара халық өз таңдауын жасап, ертеңгі күнге сеніммен қарай алады.Себебі президентіміздің салиқалы саясаты мен көрегендігінің арқасында еліміздегі экономикалық, саяси жағдай тұрақты. Осы сайлау арқылы біз дүниежүзіне қазақ елінің бірлігі мен татулығын паш етуіміз керек. Ал сайлаудың өзіне келер болсақ, ол әділ, әрі ашық өтетінінде менің күмәнім жоқ», -деп мәлімдеді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Чернобыле заметили редкое живое существо, пришедшее осенью

В Казахстан идут морозы до -18°C

Токаев накануне Дня Республики подписал указ о присуждении ряду граждан государственных наград

Что посмотреть: подборка высоко оцененных научно-фантастических фильмов, о которых теперь вспоминают редко

"Не хотела так побеждать": Рыбакина прокомментировала победу на матче в Нинбо