Алматыда мүгедектерге тегін арба үлестірілді

Zakon.kz
Алматының белсенді студенттері қаланың 1000 жылдық мерейтойына орай "1000 мейірімді іс" атқармақ. Шаһарда жақсылық пен мейірімділік науқаны қыркүйек айына дейін жалғасады.

Бүгін қаладағы белсенді жастар демеушілердің көмегімен мүмкіндігі шектеулі 10 жанға тегін арба үлестірді. Енді олар ұзақ уақыт бойы арбаның кезегін күтпестен, діттеген жерлеріне оңай қатынауға мүмкіндік алды,- деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Жастар ұйымы көмекке зәру жандардың ешбірін назардан тыс қалдырмаймыз деп отыр. Есте болса, осыған дейін белсенді студенттер мұқтаж жандарға тегін дәрі-дәрмек пен азық-түлік себеттерін таратқан болатын.

"Бұл біздің өткізген төртінші шара. Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған "1000 мейірімді іс" жобасын бастаған едік. Бізде көптеген акциялар бар. Бұл жыл бойы жалғасады. Сонымен қатар, әлі алда көптеген шаралар өткіземіз",- деді «G-38» жастар ұйымының мүшесі Эльвира Үмбетжанова.

Фотосурет: www.pixabay.com

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами