Республиканың 6 облысында жол қозғалысы тоқтатылды

Zakon.kz
ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарлағандай, қазіргі кезде республиканың алты облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты Астана қаласының барлық бағыттарында жол жабық, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында 4 ақпан сағат 10.40-тан ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран, көрінбеу) "Үшарал-Достық" (82-184 ш., Көктұма а. - Достық а.) а/ж учаскесінде барлық бағыттарда барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола облысында 4 ақпан сағат 22-30-дан ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) а/ж барлық бағыттарындағы жол жабық.

Шығыс Қазақстан облысында 5 ақпан сағат 08-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран, көрінбеу) "Өскемен-Шемонаиха-РФ шек." (54-123 км, Первомайка-РФ шек.) а/ж барлық бағыттарындағы жол жабық.

Қарағанды облысында 4 ақпан сағат 16-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (боран) а/ж учаскелер: «Жезқазған-Петропавловск» (60-240 ш., к. Жезді-Қостанай обл. шекарасына дейін); «Алматы-Екатеринбург» (1051-1142 ш., Теміртау қ.-Ақмола обл. шекарасына дейін); «Қызылорда - Павлодар»(974-1066 ш., Қарағанды қ.-Молодежный к.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

05.02. сағ. 05-15 ауа райының нашарлауына байланысты (боран) "Алматы-Екатеринбург" а/ж (885-1007 ш., Ақсу-Аюлы к.-Қарағанды қ.) барлык автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Қостанай облысында "Жезқазған-Петропавловск" (252-377 шм. Қарағанды обл. шекарасы-Арқалық қ. Ақмола обл. шекарасына дейін); "Екатеринбург -Алматы" (686-729 ш., Сарыкөл а. - СҚО шекарасына дейін); "Мамлютка-Қостанай" (180-249 ш., (Ұзынкөл а. - СҚО шекарасына дейін) барлық автокөліктердің түріне жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысында 04.02. ауа райының нашарлауына байланысты (жаяу бұрқасын, көрінудің нашарлауы) "Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл" (17-209 ш) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Фотосурет: auto.caravan.kz

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов