Қазақстандықтар тұрғын үйді сақтандыруға міндеттеледі

Zakon.kz
Енді азаматтар меншігіндегі баспанасын сақтандыруға міндеттеледі. Аталған Заң жобасы биыл әзірленбек.

Азаматтар меншігіндегі баспанасын сақтандыруға міндеттеледі. Одан жиналған қаржы айтып келмес апаттардан зардап шеккендердің баспана шығынын өтеуге жұмсалмақ. Сөйтіп біріншіден, жеке мүліктің қауіпсіздігі арттырылады, екіншіден, сақтандыру нарығы дамиды. Бұл жөніңде бүгін Әділет министрі Берік Имашев министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды 24 kz.

Мұнымен қоса, биыл салық жөніңдегі, әкімшілік заң бұзушылықтар мен зияткерлік меншік туралы заң жобаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Жалпы өткен жылы заң жобалау жоспары 100 пайызға орындалған. Берік Имашев, ҚР Әділет министрі: - 2015 жылы 30 жоспарлы заң жобасы әзірленді, олардың барлығы Парламенттің қарауына уақытында жіберілді. Бұдан басқа 2015 жылы Үкімет пен Президент әкімшілігінің тапсырмалары бойынша, жоспардан тыс 11 заң жобасы әзірленді, сондай-ақ 22 жоспардан тыс заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында дайындалды. Сонымен барлығы 58 заң қабылданды,деді ведомство басшысы.

Фотосурет: nsk.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом