Б.Қабылбеков: сот залындағы аудио-видеожазбалар 75 жыл сақталады

Zakon.kz
Ұлт жоспарының 20-қадамына сәйкес, барлық сот процестеріне міндетті тәртіпте аудио-видеожазба енгізу қарастырылған.

Ұлт жоспарының 20-қадамына сәйкес, барлық сот процестеріне аудио-видеотіркеу енгізіліп жатыр, сандық жазбалар іс материалдарымен бірге 75 жыл бойы сақталады. Бұл туралы Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Бейбітжан Кабылбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Ұлт жоспарының 20-қадамына сәйкес, барлық сот процестеріне міндетті тәртіпте аудио-видеожазба енгізу қарастырылған, біздің Астана қаласының Алматы соты барлық сот залдарын толығымен жабдықтады. Сот процестері аудио-видеожазба арқылы жүргізіледі, барлығы мәліметтер базасында тіркелген, тараптар бұл ақпаратпен таныса алады. Кей жағдайларда журналистер де іс материалдарымен танысуға құқылы», - дейді Бейбітжан Кабылбеков.

Оның айтуынша, судьяға жазбаны тоқтату мүмкіндігі берілмеген, сондай-ақ материалдар редакцияланбауы тиіс. Аудио-видеожазбалар іс материалдарымен бірге нұсқаулыққа сәйкес 75 жыл сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда сот залдары аудио және бейнебақылау құралдарымен 73,6%-ға жабдықталып отыр. Елімізде 1407 сот залы болса, соның 957-сі сандық форматта аудио-бейне бақылау жүргізу құралдарымен жабдықталған.

Фото:www.paramitec.ru

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

В Африке зафиксировали критический этап разлома континента

Казахстанцам открыли безвизовый въезд в популярную страну Европы