Баянауылда туристік қызметтің деңгейі көтеріледі

Zakon.kz
Бірнеше шағын учаскелерге асфальт төсеу жұмыстары қалды және бұл жұмыстар күн жылығаннан кейін жалғасатын болады.

Павлодар облысындағы Баянауыл туристік бағдарында қызмет көрсету деңгейі артады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған өңірдің әкімі Қанат Бозымбаев осылай мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, облыс әкімдігі туристік сала бойынша еріктілер мен гидтерді даярлау, сондай-ақ туристік бағдарларды құру шараларын жүзеге асыруда.

«Жасыбай» және «Торайғыр» көлдері секілді бірегей жерлердің мүмкіндігі шексіз емес. Егер де 150-200 адам келсе, бұл Жасыбай көлі үшін жеткілікті», - деп атап өтті әкім.

Қ.Бозымбаевтың атап өтуінше, тасқын кезінде су шайып кеткен Баянауыл ауданындағы жолдар қалпына келтірілуде. Енді бірнеше шағын учаскелерге асфальт төсеу жұмыстары қалды және бұл жұмыстар күн жылығаннан кейін жалғасатын болады.

Сонымен қатар аудан орталығында қазіргі заманғы кәріз жүйесінің құрылысы жоспарлануда. Осының алдында таныстырылған 5 млрд. теңгелік жоба қымбатқа түсіп отыр. Бүгінде бұл жобаны арзандату үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Руслан Ғаббасов

Фото: today.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В "Казгидромете" сделали заявление по искусственному дождю

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

В Китае началось строительство самого большого водного проекта в мире

Как поправки в Трудовой кодекс защитят права работников с 4 августа 2026 года