Прокуратураның ықпалымен жұмысшылардың 40 млн теңге еңбекақысы қайтарылды

Zakon.kz
Алматыда Түрксіб ауданы прокуратурасының араласуымен жұмысшылардың жалақысы қайтарылды. Атап айтқанда, «S» ЖШС 130 жұмыскеріне 2016 жылдың басынан бергі 40 млн теңгедей берешегін қайтарды.
Алматыда Түрксіб ауданы прокуратурасының араласуымен жұмысшылардың жалақысы қайтарылды. Атап айтқанда, «S» ЖШС 130 жұмыскеріне 2016 жылдың басынан бергі 40 млн теңгедей берешегін қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қалған созылмалы қарыздары бар жекелеген кәсіпорындарға қатысты шұғыл шаралар қолданылмақ. ҚР Конституциясымен кепілдендірілген еңбек құқықтарын қорғау мақсатына азаматтардың еңбекақысын толық және дер кезінде төленуін қадағалауға бағытталған жұмысты белсенді атқарып жатыр.

«Жергілікті орындаушы және мемлекеттік өкілетті органдармен бірге құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шаралар атқарылды. 2015 жылдың қараша және 2016 жылдың қаңтар айларында аудан ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңестерде жалақыны уақытылы төлеуге және мәселені дер кезінде шешуге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету - прокурорлық бақылаудың басты бағыттарының бірі. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты жүргізілуде», - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Гүлмира Ғосманәли

Фото:info.kz

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана