Түркияда Ердоғанның төрағалығымен қауіпсіздік кеңесі өтті

Zakon.kz
Кеше Астана уақытымен сағат 22:30-да Анкара қаласының орталығы Қызылай алаңы маңында жойқын жарылыс болды. Содырлар жауынгерлер мінген әскери автобусты жарып жіберген.

Түркия астанасы Анкарада болған террорлық шабуылдан 28 адам қаза тауып, 61-і жараланды. Жарақат алғандар қаладағы 14 ауруханаға жеткізілген.Бұл туралы түрік елі үкімет жетекшісінің орынбасары Нуман Куртулмуш мәлімдеді, - деп хабарлайды 24.kz.

Анкарадағы террорлық оқиғадан соң Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен қауіпсіздік кеңесі өтті. Осыған орай, шекаралық аймақтар мен елдің бірқатар ірі қалаларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жарылысқа орай түрік елінің мемлекет басшысы бүгін Әзірбайжанға жасайтын сапарын кейінге шегерді. Естеріңізге саламыз, кеше Астана уақытымен сағат 22:30-да Анкара қаласының орталығы Қызылай алаңы маңында жойқын жарылыс болды. Содырлар жауынгерлер мінген әскери автобусты жарып жіберген. Әзірге лаңкестік шабуылды ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Бас прокуратура оқиға бойынша арнайы комиссия құрып, тергеу амалдарын бастады.

Фото:tass.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Токаев направил соболезнования правителю Дубая

"Каток свой, отец – лучший, но не его": в Сети разнесли дебют Плющенко-младшего за Азербайджан

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

Их жизнь перевернется: пять знаков зодиака ждут любовь, деньги и успех