Елімізде оқушылардың денсаулығы жыл бойы бақылауда болады

Zakon.kz
Маусымнан тамыз айына дейін оқушылар мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлерде, санаторлық-курорттық ұйымдарда ем алып, демалады.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру қарастырылып жатыр. Оқушыларға арналған сауықтыру шараларының күнтізбесін жасау жоспарланған. Қаңтар-наурыз аралығында профилактикалық тексерулер мен денсаулық топтарын қалыптастыру, диспансерлік есепке қою және балаларды сауықтыру бойынша жеке жоспарларды әзірлеу жұмыстары жүргізіледі. Ал сәуір айынан мамыр айына дейін жеке жоспарларға сәйкес сауықтыру іс-шаралары жүргізіледі. Маусымнан тамыз айына дейін оқушылар мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлерде, санаторлық-курорттық ұйымдарда ем алып, демалады. Қыркүйек-қарашада профилактикалық тексеру жалғасады, желтоқсанда профилактикалық тексерулердің кестесі жасалып, мамандардың көшпелі бригадасын қалыптастыру жұмыстары қолға алынады. Жаңа жүйе физиотерапиялық процедуралар, «функционалды» тамақтану азық-түліктерін, фитопрепараттар қабылдау секілді денсаулық сақтау технологияларын енгізуді қарастырады», - дейді министр.

Бұл орайда, министрдің айтуынша, оқушыларды профилактикалық тексеру мен сауықтыру іс-шаралары алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында емес, оқу орындарында жүргізіледі.

Фото: www.matritca.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500