Соңғы бес жылда елімізде жұмыссыздық көрсеткіші 5,6 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендеді

Zakon.kz
Жаңа заң жобасы еңбек нарығын реттеу үшін тиімді тетіктерді қамтуға бағытталып отыр. Сонымен қатар, құжаттағы халықаралық тәжірибелерді енгізу мен дамыған елдердің стандарттарына көшу мәселесі өзекті болып табылады.

Соңғы бес жылда елімізде жұмыссыздық көрсеткіші 5,6 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендеді. Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында «Жұмыспен қамту туралы» заң жобасын талқылау барысында сенатор Владимир Редкокашин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттың айтуынша, тәуелсіздік жылдары мемлекет халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және жұмыссыздықпен күрес бағытында айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарды.

«Мәселен, осы жылдар ішінде республикамызда қарқынды дамып жатқан еңбек нарығы қалыптасты, жұмыспен қамту деңгейі айтарлықтай артты. Статистика органдарының мәліметіне қарағанда, соңғы бес жылда жұмыссыздық көрсеткіші елімізде 5,6 пайыздан 4,9 пайызға дейін төмендеді. 2015 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздар саны 3,1 пайызға қысқарды. Ал жалдамалы жұмысшылар саны 6,3 млн. адамды құрап, 221,1 мың адамға артты», - дейді В. Редкокашин.

Оның сөзіне қарағанда, әлемдік күрделі ахуал мен оның елімізге әсері жағдайында жұмыссыздықты реттеу жаңа қадамдарды талап етеді. «Жаңа заң жобасы еңбек нарығын реттеу үшін тиімді тетіктерді қамтуға бағытталып отыр. Сонымен қатар, құжаттағы халықаралық тәжірибелерді енгізу мен дамыған елдердің стандарттарына көшу мәселесі өзекті болып табылады», - деді ол.

Қанат Мәметқазыұлы

Фото: www.qazaquni.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью