Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 170 жыл.

Zakon.kz
Ақынның туған жері – Алматы облысы, Жамбыл ауылында дәстүрлі «Жамбыл күні» шарасы өтті.

Шартараптан зиялы қауым мен жамбылтанушылар жиналып, ұлы шайырдың рухына тағзым етті. Жамбыл Жабаев бар ғұмырын Майтөбе мен Суықтөбе тауының етегіндегі құт қонып, бақ дарыған өлкеде өткізді. Ғасыр жасаған халқының аса дарынды перзенті батырлықты, өрлікті, әділдік пен теңдікті жырлады. 170 жылдық мерейтойына орай облыс басшысы бастаған ақын-жазушылар мен зиялы қауым зират басына барып, Жамбыл рухына тағзым етті. Артынша ауылдағы мәдениет үйінде «Жамбыл күні» іс-шарасы жалғасын тапты, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

«Жамбыл жырына ден қойған сайын Абай, Махамбет, Жамбыл, Сүйінбай сынды ұлы тұлғаларымызды жадымызда жаңғырту арқылы халықтың санасын, халықтың ойындағы ұлттық рухты тәрбиелеудің үлкен үлгісін қалыптастырамыз»,-дейді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.

Жамбылдың 170 жылық мерейтойына байланысты халықарылық симпозиум өтіп, «Жамбыл» фильмі мен «Жамбыл әлемі» атты басылым жарыққа шықты. Бірнеше жинақтарын іргелі оқу орындары қайта басып шығарды. Ақын ауылындағы дәстүрлі шараға Грузия мен Жапониядан әдебиет зерттеушілері қатысты. «Жамбыл мұрасы – мәңгі өшпес өнеге», - дейді жазушылар.

«Жамбыл жырлары – отаншылдыққа, бірлікке үндеудің асқақ үлгісі. Ол бүгін Елбасымыз айтқан Мәңгілік ел идеясымен жалғасып жатыр. Мәңгілік ел – қазақ елі барда Жамбыл жасай береді, асқақтай береді», - дейді жазушы Нағышыбек Қапалбекұлы.

Ақынның 170 жылдық мерейтойына дайындық өткен жылы басталған. Алматы облысы әкімдігі тарапынан ауылдағы мұражай мен мектеп күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ биыл балабақшаның құрылысы басталмақ. Бабаға деген құрмет мұнымен шектелмейді, осы жылдың мамыр айында Сербияның астанасы Белградта Жамбыл Жабаевтың ескерткішін орнату жоспарланған. Ақын жырлары әлемнің 40-тан астам шетел тіліне аударылды. Жамбылдың ұлылығын ұран етіп, құндылықтарын дәріптеу – ұрпақ парызы.

Алмас Сәдуақас, Әбен Нарынбаев

Фото: zhambyl-lib.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматинская область
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану