Ақсуда су тасқынының алдын алу үшін бөгеттер ұзартыла бастады

Zakon.kz
Техника мен адамдар күні-түні еңбек етуде. Қорғаныс үйіндісінің ұзындығы шамамен 1800 метр (былтырғы жылы - 600 метр) , ені төрт метр (3,5 метр болған), биіктігі екі жарым метр болмақ.

Төтенше жағдайлар қызметі қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен бірге Ақсу қаласында Белая өзенінен қоршап тұратын бөгет тұрғыза бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ТЖҚ азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Серік Қошқарбаевтың айтуынша, өткен жылғыдай Ақсу қаласын су басу оқиғасы қайталанбау үшін қазірден бастап қауіпсіздік шараларын қолға алу қажет.

«Мұнда Ақсу қаласының оңтүстік-шығыс бағытынан созылатын бөгетті ұзарту жұмыстары жүргізіледі. Техника мен адамдар күні-түні еңбек етуде. Қорғаныс үйіндісінің ұзындығы шамамен 1800 метр (былтырғы жылы - 600 метр) , ені төрт метр (3,5 метр болған), биіктігі екі жарым метр болмақ. Қажеттілік туындаған жағдайда жұмыс күшейтілген режимге ауыстырылады. Бұдан басқа, Ленин кенті мен Кенжекөл ауылы аумағында үйінділер пайда болмақ», - дейді Серік Қошқарбаев.

Омар Еркін

Фото:pavlodarnews.kz.


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Туман, снег и сильный ветер: штормовое предупреждение объявлено в ряде регионов Казахстана

"С 1 апреля – полное отключение": КГД напомнил предпринимателям о переходе ККМ на новый протокол

Долгожданное потепление ожидается в Алматы: погода на неделю

Казахстанцев снова порадовали из космоса

Михаил Шайдоров обратился к чемпиону Паралимпиады Ерболу Хамитову