Қарағандыда ұрылар кәсіпкердің үйін тонап кетті

Zakon.kz
Күдіктілер кәсіпкердің қонаққа кеткенін пайдаланып, өздерінің арам ойларын толығымен жүзеге асырған.

Қарағандыда белгісіз біреулер қаладағы ірі кәсіпкердің үйіне түсіп, дүние-мүлкін тонап кетті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Күдіктілер кәсіпкердің қонаққа кеткенін пайдаланып, өздерінің арам ойларын толығымен жүзеге асырған. Үйдің ішін емін-еркін ақтарған олар ноутбук, алтын және күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, екі қол сағаты, құндыз тондар мен бас киім сынды бағалы заттарды алып кеткен. Кәсіпкерге келтірген шығынның мөлшері 870 мың теңгеге бағаланды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктілерге қарсы іздестіру шараларын қарастыруда.

Қайрат Әбілдинов

Фото: 360tv.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

На Земле группируется новый суперконтинент, который может уничтожить людей

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Самый длинный круиз в мире за 34 млн тенге: сколько дней уйдет на путешествие вокруг планеты

В Китае рухнули продажи автомобилей