Оңтүстікте 500 шақырымнан астам жол жөнделеді

Zakon.kz
2015 жылы жол құрылысы саласында жаңа технологияны қолдану нәтижесінде 40 млн теңге үнемделген.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 110 жол салу жоспарлануда. Осы мақсатта облыс бюджетінен қаржы бөлініп, 513,6 шақырым жол мен 17 ғимаратқа құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Сонымен қатар бюджетті тиімді пайдалану үшін концессия жолымен ұзындығы 48 шақырым болатын қаланың оңтүстік-батыс жаңа айналма жолын салу бойынша жұмыстар атқарылуда.

2015 жылы облыста 69 жол салуға 15,1 млрд теңге қаржы бөлініп, 420,4 шақырым жолдың және 7 жасанды ғимарат салынған. Нәтижесінде облыстық маңызы бар 19 жол, 1 көпір жөнделіп, 8 жол мен 1 көпір пайдалануға берілді. Ал қала және аудан көлемінде 49 нысанда, яғни, 250 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 1 жер асты және 1 жер үсті өткелдері пайдалануға берілді.

Айта кететін бір жайт, 2015 жылы жол құрылысы саласында жаңа технологияны қолдану нәтижесінде 40 млн теңге үнемделген.

Фото: progorod43.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

"Каток свой, отец – лучший, но не его": в Сети разнесли дебют Плющенко-младшего за Азербайджан

Шестой за неделю пассажир пожаловался на кражу на борту рейса в ОАЭ

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму президенту России