Жетім балалар туралы мәлімет жинау жүйесін автоматтандыру қажет – Е.Сағадиев

Zakon.kz
Жетім балалар туралы ақпаратты уақытылы бермеген жағдайда жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады.

Қазақстандық жетім балалар туралы деректерді жинау жүйесін автоматтандыру қажет, деп мәлімдеді бүгін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы барысында. Бұл туралы zakon.kz, жариялаған ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

«Мен жетім балалар туралы деректерді жинау жүйесін автоматтандыру қажет деген мәселемен келісемін, ол толық ақпаратты қамтуы тиіс», - деді Е.Сағадиев.

Сондай-ақ, министр мұндай ақпарат ашық қолжетімділікте болмауы керектігін атап өтті.

«Бір жағынан барлық деректердің жариялық басқаруда болуымен келіспеймін, өйткені халықаралық іс-тәжірибе көрсеткендей, бұл дұрыс емес. Бұл - біріншіден. Екіншіден, баланың құқығы бар, сол себепті өзінен сұрамай ол туралы ақрпаратты бере алмаймыз», - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, ол баланың жасы туралы ақпарат, оның суреті ақпараттандыру заңына сәйкес жариялық қолжетімділкте болатындығын және баланы асырап алам деушілер осындай ақпаратты ала алатындығын атап өтті.

«Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен деректер және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, өз отбасыларының тәрбиесіне алғысы келетіндердің бірыңғай республикалық банкін құру ұсынылуда. Сонымен қатар, бұл құжат асырап алушыларға, қамқоршыларына немесе жанашырларына жаңа талаптарды енгізуді көздейді.

Сонымен қатар, жетім балалар туралы ақпаратты уақытылы бермеген жағдайда жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылған.

Фото:www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Родители Димаша Кудайбергена записали видеообращение для казахстанцев и фанатов сына

Луна постепенно отдаляется от Земли, меняя длительность суток

Хорошую новость объявили казахстанцам по регистрации авто и замене ГРНЗ

В Казахстане началось производство автомобилей бренда с вековым именем Morris Garages

Доллар снова подешевел на торгах 3 марта