Пәкістанда өзін жарып жіберген жанкешті «Талибан» ұйымының мүшесі болған

Zakon.kz
Жанкешті өзін қалалық саябақтағы балалардың ойын алаңы маңында жарып жіберді.

Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласында өз-өзін жарып жіберген жанкешті «Талибан» ұйымынан екені белгілі болды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Соңғы мәлімет бойынша лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 65 адамға жетті. Тағы 300-ден астамы жарақат алған. Марқұмдардың көбі – әйелдер мен балалар.

Оқиға кеше болды. Жанкешті өзін қалалық саябақтағы балалардың ойын алаңы маңында жарып жіберді. Айта кетейік, Пәкістан әскері 2014 жылдың жазында «Әл-Каида», «Талибан», «Өзбекстанның ислам қозғалысы» атты лаңкестік ұйымдарға қарсы арнайы операция бастаған болатын. Оған 30 мыңға жуық сарбаз тартылды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше операция басталғаннан бері 3 мыңға жуық содырдың көзі жойылған.

Фото:free-news.su

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

22 подростка госпитализированы на юге Казахстана после тренировочных сборов

На юге Казахстана впервые за 40 лет запущенные каналы приводят в порядок

В Голливуде опять "разнесли" Тимура Бекмамбетова