Алматы зообағында Каспий итбалығы пайда болмақ

Zakon.kz
Жақын арада келісімге қол жетсе, Алматы зообағында каспий итбалығына арналған мекен пайда болады.

Алматы зообағы NCOC компаниясымен бірге каспий итбалығын зерттеу мен сақтап қалу бойынша ғылыми жобаны жүзеге асырмақ. Бұл туралы бүгін «Алматы хайуанаттар бағына көмек көрсету әлеуметтік қоры» қоғамдық кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәселе қазір мұнай өндіру компанияларымен бірге талқыланып жатыр. Олардан да каспий итбалығы мәселесін зерттеуге миллиардтаған қаржы бөлініп жатыр. Бірақ сонда да ғылыми зерттеу бағдарламасы жоқ. Сол бөлініп жатқан қаржыны Алматы хайуанаттар бағында сирек кездесетін жануарға арнайы орын дайындауға бағыттау көзделген. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Дариға Назарбаева аталған жобаны құптап, Қазақстанда зерттеу бағдарламасы болу керектігін айтты», - деді Р.Баталов.

Оның айтуынша, жақын арада келісімге қол жетсе, Алматы зообағында каспий итбалығына арналған мекен пайда болады. Сондай-ақ, жаңа нысан Каспий итбалығын сақтап қалу мен көбейтуге бағытталған ғылыми орталыққа айналады.

Гүлмира Ғосманәли

Фото:vk.com

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Ученых озадачили башни изо льда, которые "вырастают" посреди пустыни

Безработным будут платить до 125 тысяч тенге в Казахстане: названо условие

Опасное 27 июня: во всем Казахстане объявлено штормовое предупреждение

Подсудимые по делу о взрыве в "Центре плова" отрицают свою вину

Песня казахстанского капитана полиции набрала несколько миллионов просмотров на YouTube