Елбасы Әзербайжан және Армения басшыларымен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесті

Zakon.kz
Елбасы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен және Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен телефон арқылы сөйлесті.

Екі елдің көшбасшыларымен әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Таулы Қарабақ аймағында таяуда болған оқиға барысында қарапайым адамдар мен әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Қазақстан Президенті екі ел басшыларын Таулы Қарабақтағы ахуалды ушықтырмауға және бейбіт келіссөздерді халықаралық құқыққа толық сәйкестікте қайта қалпына келтіруге шақырды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ның Минск тобына айрықша рөл беріледі.

Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды.

Фото: bnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Токаев направил соболезнования правителю Дубая

"Каток свой, отец – лучший, но не его": в Сети разнесли дебют Плющенко-младшего за Азербайджан

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

Туристы недалеко от Медеу услышали жуткие звуки и вызвали полицию и спасателей

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков