«Аспан жолы – 2016» басталды

Zakon.kz
ҚР Қарулы Күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Ресей Федерациясында Армия халықаралық ойындары шеңберінде өтеті «Аспан жолы – 2016» байқауына дайындықты аяқтауда.
Астана маңында орналасқан 44813 әскери бөлімінің базасында «Аспан жолы – 2016» байқауының екінші іріктеу кезеңі аяқталуда. Аталмыш байқаудың іріктеу кезеңіне Шымкент қаласы 10216 әскери бөлімі мен Алматы қаласы 97617 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді, деп хабарлайды zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.
«Сабақтар қауіпсіздік шаралары, арнайы техникалық даярлық және зымыран-оқ ату даярлығы бойынша жоспарға сәйкес өткізілуде. Нәтижелері бойынша зениттік-зымыран бөлімшелерінің үздік командалары анықталды», - деді «Аспан жолы – 2016» байқауы комиссиясының төрағасы полковник Темірболат Көшербаев.
Дайындық барысынжа әскери қызметшілер қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік әзірлігін, механик-жүргізушілердің ұрыс машиналарын жүргізуін көрсетті. Соңында әскери қызметшілер арнайы техникалық зымыран және атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырып, сондай-ақ жеке құрамның білімі комиссиямен тексерілді.
«Қазір бізде «Аспан жолы – 2016» халықаралық байқауына іріктеу өтуде. Әр сабақ сайын біз жауынгерлік даярлығымызды арттырамыз және өзіміздің дене сымбаттылығымызды жақсы қалыпта ұстаймыз. Біз осы халықаралық додада бірінші орынды жеңіп алуға үміттіміз», - деді 97617 әскери бөлімінің әскери қызметшісі лейтенант Данияр Есмұхан.
«Аспан жолы – 2016» әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің арасындағы далалық дағды бойынша халықаралық байқау ағымдағы жылдың шілде айында Ресей Федерациясының Ашулук полигонында өткізілетінін естеріңізге сала кетейік. Байқауға Қазақстан Республикасы, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы және өзге де мемлекеттер Қарулы Күштерінің командалары қатысатын болады.
Одан басқа, 15 сәуірде ҚР Қарулы Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері өзінің құрылған күнін атап өтетінін айта кетейік. Бұл әуе шекараларын күзететін және Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік, саяси және экономикалық орталықтарын қорғайтын маңызды әскер тектерінің бірі болып табылады.
Фото: mod.gov.kz
Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Казахстанцам сообщили приятную новость о вознаграждениях по фискальным чекам

Спасибо, но нет: казахстанцы массово избавляются от ненужных подарков после Нового года

895 задержанных и счет на миллиарды: КНБ обнародовал жесткую статистику за 12 месяцев

Казахстанские ЦОНы станут не нужны – акиматам поручено готовиться к оснащению цифровых офисов

Аномальные переводы 1333 учащихся: в Казахстане взялись за "элитные" школы с госфинансированием