Елбасы С.Құбашевтің қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Zakon.kz
Елбасы мемлекет және қоғам қайраткері Сағидолла Құбашевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. Нұрсұлтан Назарбаев С.Құбашевтің ұзақ жыл түрлі мемлекеттік органдарда қызмет істеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, ол бірнеше облыстық атқару комитеттерінің төрағасы, Гурьев және Семей облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарып, басқару жұмыстарында шыңдалды, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«Ол Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, жас буынды тәрбиелеуге көп еңбек сіңірді. Сағидолла Құбашевтің жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Құбашевтің жарқын бейнесі әрдайым қазақстандықтардың жүрегінде сақталатынын айтты.

Фото:turkystan.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500