Биыл Павлодар облысында 11 адамды кене шағып алған

Zakon.kz
Кене энцефалитіне қарсы вакциналау қауіпті жәндіктер кең таралған табиғи ошақтарда ғана жүргізіледі.

Биыл Павлодар облысында кененің тістеуінен зардап шеккен 11 адам медициналық мекемелерге көмек алуға жүгінген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ирина Сорокина мәлім етті.

- Өткен жылы кененің шағуынан 32 адам зардап шеккен. Оның үшеуі -14 жасқа дейінгі балалар. 2015-2016 жылдары өңірде қауіпті дерттен көз жұму оқиғасы тіркелмеген. Себебі Павлодар облысының аумағы кене энцефалиті ауруының табиғи ошағы болып табылмайды. Әсіресе, Павлодар, Ақсу қалаларында, Лебяжі, Шарбақты және Ертіс аудандарындағы жайылымдарда аталмыш жәндіктер түрі жиі кездеседі, - деді И. Сорокина ресми хаттың жауабында.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, кене энцефалитіне қарсы вакциналау қауіпті жәндіктер кең таралған табиғи ошақтарда ғана жүргізіледі. Қазақстанда мұндай үш өңірді атап өтуге болады. Бұл – Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы. Павлодар өңірі кене энцефалиті қоздырғыштарының ошағы болмаған соң, ауруға қарсы екпе жүргізілмейді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:www.publy.ru

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Павлодарская область
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды