СҚО-ның 55 жастағы тұрғыны теміржол станциясындағы теледидарды ұрламақ болды

Zakon.kz
Көлік полицейлері Лисаковск ст. т/ж вокзалындағы күту залынан теледидар ұрламақ болған азаматты ұстады

28 сәуір күні сағат 15.40-та Тобол станциясындағы Желілік полиция бөліміне Лисаковск ст. темір жол вокзалындағы кезекші бөлімнен белгісіз біреудің темір жол вокзалының күту залында тұрған теледидарды ұрламақ болғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Күдікті өзінің қылмыстық ойын жүзеге асырып үлгермеген, ол көлік полицейлерінің жедел қимылдарының арқасында қолға түсті, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ұрлық жасамақ болған азамат СҚО-ның 55 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұсталған азаматтың айтуынша ол ұзақ уақыттан бері жұмыссыз жүрген. Ұрланған затты Лисаковск қаласының базарына апарып сатып, түскен қаражатты өз қажетіне жаратпақ болған.

Аталған факт ҚР ҚК 188 бабы (Ұрлық) сотқа дейінгі тегеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: vremechko.org

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Август 2026 года принесет засуху в семь регионов Казахстана

Зеленский заявил о готовности подписать мирное соглашение с Россией